Табақ тарту ережесі. Әр қонақтың өз сыбағасы бар. Сый табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе. Құда табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық бауыр. Құдағи табақ - жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік. Жеңге табақ - асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, құйрық, өкпе, ұлтабар. Беташар табақ - сүбе, төс еті, қарын, ащы ішек, құйымшақ, мойын омыртқа. Күйеу табақ - төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, қазы-қарта, жауырын, қойдың. Қыз табақ - құйымшақ, тоқпан жілік, бел омыртқа, құйрық, қабырға. Құрдас табақ - тоқпан жілік, омыртқа, сүбе қабырға, қазы, құйрық. Бала табақ - бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік.

Теги:

Теги других блогов: