Пияз, ірімшік, саумалдық пен саңырауқұлақ қосылған бәліш ------------------------------ Бізге қажетті болады: - 130-150 гр сары май - 4 ас қасық қаймақ немесе майлылығы көп айран - ұн - разрыхлитель мен тұз - 2-3 пияз - сарымсақ - 1 стакан үгітілген ірімшік - саңырауқұлақ - шпинат - тұз - 1 жұмыртқа Майды ұнға турап, разрыхлитель мен майдың тұздылығына қарай тұз қосып, айран араластырып қамыр илеп алдым. Қамырды 20 минутқа тоғазытқышқа қойып қойдым. Қамыр осымен дайын деп, ішіне қойылатын заттарды дайындауға кірістім. Ол үшін алдыменен сарымсақ пен пиязды турап майға қуырып алдым, сосын жуылып туралған саңырауқұлақтарды қостым. Мен үш саңырауқұлақ қолдандым, мөлшерін әдейі жазбадым, әркім ұнатқанына қарай қосар деп. Осыдан кейін жуылып, туралған саумалдық (ор.шпинат) қостым. Бәрін жақсылап тұздап, бұрыштап алдым. Табаның үстін жауып аз отта пісірдім. Піскенін саңырауқұлақ пен саумалдықтың түс өзгергенінен түсінуге болады. Егер табада көп мөлшерде май артылған болса, онда көкөністерді бөлек ыдысқа алып, қағаз майлықпен артық майда алу керек. Әбден суыған көкөністерге жұмыртқа ағын және ірімшіктерді қосып араластырдым. Қамырды тоңазытқыштан шығарып, екіге бөлдім – бір бөлігі астыға, екіншісі бәліштің үстіне деп. Астындағысы аздап көбірек болған жақсы. Қамырды пісіретін ыдысыма қарай жайып, майланған ыдысыма төседім да, үстіне суыған көкөністерді қойдым. Енді қамырдың екінші бөлігін де жайып, бәліштің үстін жаптым. Үстіне жұмыртқа сарысын жағып 200C ыстық духовкада пісірдім. Мына жақтың духовкасы қызық жұмыс істейді – қырсықтау өзі ) Сондықтан үсті қызарған сәтте, бәлішті духовкадан шығарып үстін фольгамен жауып, қайта духовкақа қойып аяғына дейін пісірдім.

Теги других блогов: салат рецепт казахская кухня